Қазақстан президентінің жолдауы халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентінің жолдауы халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болды

Қазақстан президентінің жолдауы халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауы халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Наурыз 2005
  • 448
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Н.Назарбаевтың атына жолдаған жауап хатында Жолдаудағы идеялардың өзектілігі мен Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шешуші ролін атап көрсетті. Я.Схеффер аталмыш мақсаттарда Солтүстік Атлантикалық Альянс пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың мән-мазмұны мен аясын кеңейтуге әзірлік танытты.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Кристиан Штрохал Қазақстан президентінің жолдауын республиканың ұзақ мерзімді саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын айқындайтын маңызды бағдарламалық құжат деп бағалады. Ол сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қоғамдастық аясындағы барған сайын арта түскен ролін атап, бұл — Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауына айтарлықтай алғышарт болып табылатынын тілге тиек етті.
Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауының мән-мазмұны туралы Қазақстан Республикасының Балтық жағалауы елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Рашид Ыбыраевтан естіп білген Эстония басшылығы тәуелсіздік жылдарында еліміз қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық ілгерілеушіліктер ешбір дау тудырмайтынын атай отырып, екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты.
Сонымен бірге Делиде өткен ауқымды ғылыми-тәжірибелік жиын мен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесіне арналған бизнес-форумға қатысушылар да Қазақстан президентінің жолдауының мән-мазмұнымен зор ықыласпен танысып шықты.

Перейти к новостям спорта