Әрбір кандидатқа өзінің сайлауалды бағдарламасымен сөз сөйлеу үшін телевизияда 15 минут эфирлік уақыт беріледі және радиодан сөз сөйлеуге 10 минут уақыт беріледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопеова бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ол атап өткендей, бұл мақсатта мемлекет әрбір кандидатқа 5 млн 250 мың және 200 мың теңге бөледі.
Бұрын хабарланғандай, сайлауалды үгіт-насихатқа мемлекет әрбір кандидатқа 7 млн 10 мың теңгеден бөледі.
Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат бүгін басталды және 24 сәуір сағат 24.00-де аяқталады.
Президенттікке үш кандидат сайысқа түседі. Олар қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Коммунистік халықтық партия Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов, өзін өзі ұсынған кандидат кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.
Сайлау 26 сәуірде болады.