Бұл туралы бүгін, 5-маусымда Алматыда басталған «Психиатрия мен наркологияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры Наиля Измаилова хабарлады.
«Кәсіби дәрігерлер мен арнайы психиатриялық кабинеттер саны Қазақстанда өте баяу өсіп келеді»,- деді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры.
Атап айтсақ, 2000-жылы Қазақстанда 36 психотерапевтік кабинет пен 48 психотерапевт дәрігер тіркелсе, 2002-жылы кабинеттер саны 46-ға, арнаулы категориялы дәрігерлер саны 58-ге дейін өскен.
Н.Измаилованың айтуынша, психотерапияның Қазақстандағы ең өзекті мәселесіне дәрігерлердің мүлдем қорғалмауы жатады.
«1992-жылдан 2002-жылдар аралығында Қазақстан Республикасында психиатриялық көмек саласында 50-ден астам құқықтық заң актілері қабылданды. Соның нәтижесінде психикалық ауытқуға шылдыққан науқастардың құқығы заңда жан-жақты қорғалды. Алайда оларда психиатр дәрігерлердің құқығына қатысты бір де бір пункт жоқ, сол себепті осы саладағы заң актілеріне өзгерту енгізіп, дәрігерлер құқығын қорғау керек»,- дейді Н.Измаилова.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр