Қазақстан қайырымдылық көмек аясында Грузияға астық жөнелте бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қайырымдылық көмек аясында Грузияға астық жөнелте бастады

Қазақстан қайырымдылық көмек аясында Грузияға астық жөнелте бастады

Қазақстан қайырымдылық көмек аясында Грузияға астық жөнелте бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" РМК-ынан бүгін, 29-қазанда хабарлады.

  • 29 Қазан 2004
  • 384
Фото - Caravan.kz

Грузияға қайырымдылық көмек көрсету туралы шешімді Қазақстан үкіметі 2004-жылдың шілде айында, Грузия президенті Михаил Саакашвили тарапынан Қазақстан президентінің атына азық-түліктен нақты көмек көрсету туралы өтініш келіп түсуіне байланысты қабылданған.

Мемлекеттік қордан 2003-жылғы түсімнің 3-сортты бидайының 1 мың тоннасы қайырымдылық көмек ретінде жіберіледі. Көмек көрсету туралы шешім қабылданған сәттегі бидай бағасын ескергенде қайтарымсыз көмек құны 147 мың долларды құрайды.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» РМК қайырымдылық көмектің алғашқы партиясын 28-қазанда жөнелтті.

Перейти к новостям спорта