Қазақстан Қарашығанақ газ жобасын жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерді пәрмендендіруді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қарашығанақ газ жобасын жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерді пәрмендендіруді жоспарлап отыр

Қазақстан Қарашығанақ газ жобасын жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерді пәрмендендіруді жоспарлап отыр

Бүгін, 15-сәуірде ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте Қарашығанақ газ жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 430
Фото - Caravan.kz

Өңделетін қосымша газ мөлшерін арттыру, газ өңдейтін зауыт салып, құбыр тартуды көздейтін бұл жоба бұған дейін бірнеше мәрте пысықталған. Қосымша газ көлемін сататын рыноктар және болашақ әріптестер туралы да талқыланды.

Жобаның жалпы республика және аймақ үшін маңызын айрықша атап өткен үкімет басшысы Қарашығанақ газы алдағы уақытта көгілдір отын бағасы қымбаттай түсетін Еуропа және ТМД рыноктарына жіберілген жағдайда ғана тиімді болатынына кеңеске қатысушылардың назарын аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша Д.Ахметов жобаны 2005-жылы жүзеге асыра бастау үшін болашақ әріптестермен арадағы келіссөздерді тездету жөнінде тиісті министрліктер мен құрылымдарға тапсырма берді.