Жарияланды: 420

Қазақстан Қарашығанақ жобасына кіру үшін 1 млрд долларға жуық қаржы төлеуі мүмкін

Қазақстан Karachaganak Petroleum Operating (KPO) консорциумындағы бес пайыздық үлес үшін 1 млрд долларға жуық қаржы төлеуі мүмкін, деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне осы мәселеге қатысты келіссөздер төңірегінде жүрген ақпарат көзі хабарлады.

«Осы бес пайыздық үлестің нарықтық құны 1 млрд долларға жетіп жығылады», - деді ол. «Егер мәміле жасалатын болса, Қазақстан жоба бюджетін бақылау мүмкіндігіне ие болады және мұнай табысы есебінен өзінің бұрынғы шығындарын өтей алады», - деді ақпарат көзі. Оның айтуынша, жүріп жатқан келіссөздерде «тараптар қолданыстағы келісімшарт талаптарын өзгерткен жоқ және Қазақстан тараптардың мүддесін толық сақтауға күш салып отыр». Әзірге ел билігі мен консорциум тарапынан бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін