Қазақстан Қарашығанақ жобасынан 10 пайыз үлес алу жөніндегі мәмілеге қол қоюы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қарашығанақ жобасынан 10 пайыз үлес алу жөніндегі мәмілеге қол қоюы ықтимал

Қазақстан Қарашығанақ жобасынан 10 пайыз үлес алу жөніндегі мәмілеге қол қоюы ықтимал

Қазақстан үкіметі және Karachaganak Petroleum Operating (KPO) консорциуымына қатысушылар республиканың Қарашығанақ жобасынан 10 пайыз үлес алуы жөнінде алдын-ала келісті, деп хабарлады журналистерге Мұнай және газ министрлігінің тірлігінен хабардар дереккөз.

  • 16 Маусым 2011
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Олар түгелдей (КРО акционерлері — «ИФ-Қ») Қазақстан Республикасының он пайыз үлеспен қатысуына келісім берді, бес пайыз тегін, қалған бес пайыз нарықтық баға бойынша», деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде консорциум акционерлері Қазақстан үкіметіне қол жеткізілген келісімдерді бекітетін меморандумның жобасын берді.
Меморандум шеңберінде консорциум акционерлері жоба бойынша жұмсалатын ақшаға үкімет тарапынан бақылаудың жүргізілуіне келіседі.
Дереккөздің айтуынша, КРО акционерлері өз тарапынан алдында қол қойылған өнімді бөлісу туралы келісімнің тұрақтылығын растауды талап етеді. Ендігі бір маңызды шартқа орай олар салықтан басқа 2010 жылдың 1-қаңтарына дейін Қазақстан үкіметі қойған бүкіл кінәраттардың алынып тасталуын талап етуде.
Оның айтуынша, бұл меморандумға Қазақстан үкіметі және КРО акционерлері жуық арада қол қоймақ, содан кейін оның базасында күзге қарай тараптар арасында сәйкесті келісімге қол қойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар