Жарияланды: 530

Қазақстан Қарулы күштерінде жазғы оқу кезеңі басталды

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде жазғы оқу кезеңі басталды. Қазақстанның барлық гарнизондарында кездесулер өтті,

деп хабарлады ҚР ҚМ Баспасөз қызметі. Осы кездесулер барысында әскери басшылар әскери қызметшілерді даярлық жоспарымен және оқу кезеңінің тапсырмалармен таныстырды. Астанада бас әскери ведомствода Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор Нұрлан Жоламанов орталық аппарат офицерлерінің алдында сөз сөйлеп, армия алдына қойылған барлық міндеттер орындалатынына және әскери қызметшілер өз кәсіби даярлығын жоғары деңгейде көрсететініне сенім білдірді. Сонымен бірге ол әскери қызметшілерге Қазақстан Қорғаныс министрінің 2012 жылға қойған тапсырмалары туралы сөз қозғады. Осыдан кейін офицерлер әскери қауіпсіздікті, жауынгерлік әзірлік пен Қарулы күштердің жұмылдыруын қамтамасыз ету бойынша кіріспе дәрістерді тыңдады. Жазғы кезеңнің бірінші аптасы барысында офицерлер мен жеке құрамның бөлімдер мен құрамаларды жоғары дәрежелі жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша білімдері мен дағдылары тексеріледі. Кейін жазғы оқу кезеңінде жауынгерлік оқумен байланысты іс-шаралар өткізіледі. Атыс, тактикалық даярлық, әскери техниканы жүргізу бойынша тәжірибелік сабақтарға ерекше көңіл бөлінеді. Мақсат - әскердегі жауынгерлік және жедел басқару жүйелерін жақсарту. Жазғы оқу кезеңі барысында маусымның үшінші онкүндігінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының аймағында өткізілетін «Шығыс» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Оған Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бөлімшелері де қатысады. Ал қыркүйек айында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер аймағында Ресей өткізетін «Центр-2011» оқу-жаттығуларына Қазақстан Қарулы Күштері тартылады. Қарулы Күштерді даярлау жоспарына сәйкес оқу кезеңі қысқы және жазғы - екі оқу кезеңінен тұрады. Армияда циклды және үздіксіз оқыту жүйесінің болуы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін әрдайым жоғарылату және қолдау, даярлау жүйесін жетілдіру, ел әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әскерлердің жауынгерлік әзірлік сапасын жоғарылату қажеттігінен туындап отыр

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть