Қазақстанның экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі жылдың басынан бері террристік ұйымдарды қаржыландыру фактілері бойынша шамамен 16 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
"Қаржы полициясының органдары сондай-ақ террористік және экстремистік ұйымдарды қаржыландыру фактілеріне тойтарыс беру жұмыстарын жүргізіп отыр. Жағдайды бақылауға арналған орталықтың да жұмысы соған бағытталған", деді ол сәрсенбіде Астанада орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Ол атап өткендей, агенттікте ондай орталықтың құрылуы қазіргі заманға лайықты құралдардың көмегімен арандатушылық күштерді қаржыландыруға қатыстары бар бизнес-құрылымдарды әшкерелеуге мүмкіндік береді.