Қазақстан қаржы полициясы жетекшілерінің үштен бірі дерлік аттестациядан өтпеді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қаржы полициясы жетекшілерінің үштен бірі дерлік аттестациядан өтпеді

Қазақстан қаржы полициясы жетекшілерінің үштен бірі дерлік аттестациядан өтпеді

Қазақстанда кезектен тыс аттестациядан экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің басқарушы қызметкерлерінің 69-нан 20-ы өтпеді.

  • 28 Желтоқсан 2012
  • 338
Фото - Caravan.kz

«Жоғарғы аттестациялық комиссияның аттестациясынан қаржы полициясының 20 жетекшісі өтпеді, немесе 29%, оның 11-і жұмыстан босатылды, 8-қызметі төмендетілді және біреуі басқа жұмысқа ауыстырылды», деді жұмада Астанада қаржы полициясы төрағасының орынбасары Андрей Лукин.

Он бір қызметкер болса жоғарғы аттестациялық комиссияның талаптарын тым жоғары деп санап, аттестациядан өтуден бас тартты және жұмыстан босау туралы рапорт берді.
Тұтас алғанда, кезектен тыс аттестация кезінде қаржы полициясының 3 мыңнан аса қызметкері қамтылды.
Аттестация нәтижелері бойынша 2887 қызметкер (95%) заңдарды жетік меңгергендерін көрсетті , 3047 (98,8%) нормативтерді ойдағыдай тапсырды, 2071 (68%) — қаруға қатысты нормативтерді, 2998 (98%) психологиялық тұрақтылықтарын дәлелдеді, деді А.Лукин.