Қазақстан қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін - Тоқаев тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін - Тоқаев тапсырма берді

Қазақстан қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін - Тоқаев тапсырма берді

Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс.

  • 30 Маусым 2020
  • 57
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Індетпен күрес, теріс әлеуметтік және экономикалық әсерлерді жою бойынша барлық шешімдерді Премьер-Министрдің жетекшілігіндегі Мемлекеттік комиссия аясында әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия сыни ресурстарды бөлуге орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдану мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күндік мерзімде осы жылдың наурыз-мамырында қолданыста болған қатаң карантинді енгізу бойынша мәселелерді әзірлеп, менің қарауыма ұсынуды тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар