Қазақстан қазан айында спам таратушы елдердің қатарындағы 13-ші орында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қазан айында спам таратушы елдердің қатарындағы 13-ші орында тұр

Қазақстан қазан айында спам таратушы елдердің қатарындағы 13-ші орында тұр

Пошталық трафик көрсеткіші 2012 жылы қазан айында төмендеп, орташа бағамен 68 пайызды құрады, ал спам таратуда жағдай өзгермей, сол қалпында тұр,

  • 23 Қараша 2012
  • 582
Фото - Caravan.kz

— деп хабарлайды «Лаборатория Касперского».

Сонымен, жүргізілген сараптама бойынша Қазақстан поштада түрлі спам, керексіз қалдықтарды таратуда 13 орынды сақтап қалды.
Ал бүкіл әлемге спам таратушы елдерде көшбасшы — Қытай мен АҚШ. Аталмыш елдердің үлесінде әлемге спам таратудың 58% пайыз. Алайда Рунетті пайдаланушыларға спамдар көбінесе Үнді (16,9%) және Вьетнамнан (15,7%) келеді екен, ал Қытай мен АҚШ тек үшінші және 9-шы орында тұр.
Компанияның мәліметіне қарағанда, қазан айында жарнамалық спам таратушылықтың басты тақырыбы АҚШ президентінің сайлауы болған, сондай-ақ күз бен қыс маусымдарындағы каникулдар. Жаңа жыл мен Рождество көптеген жарнамалық хабарларында небір тәтті өнімдерді, сувенирлер, билетттер мен жаңажылдық экскурсияларды ұсынып отырған. Сонымен қатар бұл ұсыныстарда жергілікті рыноктың менталитеті мен талабы ескерілген екен.

Аударған: Заира Сабитова