Қазақстан "Қазақтелеком" АҚ-ның жарғылық капиталына шетелдік компаниялардың қатысуын 49-пайыздық үлеспен шектеу талабын қорғап қалды - Айтжанова
Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ДСҰ-ына кіру жөніндегі келіссөздер барысында "Қазақтелеком" АҚ-ның жарғылық капиталына шетелдік компаниялардың қатысуын 49-пайыздық үлеспен шектеу талабын қорғап қалды, ал басқа байланыс операторларындағы шектеу екі жылдық өтпелі кезеңнен кейін алынады. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп |
хабарлайды агенттік тілшісі.
"Қазақстан ДСҰ-ына кіру жөніндегі келіссөздер қорытындысы бойынша АҚШ пен ЕО елдерімен келіссөздерді қоса алғанда, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ-ның жарғылық капиталына шетелдік компаниялардың қатысуын 49-пайыздық үлеспен шектеу талабын қорғап қалды ", -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін