Қазақстан қажылары жайғасқан қонақ үйлерге тексеріс жүргізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қажылары жайғасқан қонақ үйлерге тексеріс жүргізілді

Қазақстан қажылары жайғасқан қонақ үйлерге тексеріс жүргізілді

Қажылықты ұйымдастыратын туристік компанияларға талап күшейеді.

  • 5 Тамыз 2019
  • 53
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылықты ұйымдастыратын туристік компанияларға талапты күшейтіп, жұмысын жіті бақылайды, деп хабарлады ҚМДБ ресми сайты.

Қажылықта жүрген ҚМДБ өкілдері "Яссауи" және "Атлас туризм" туристік компанияларының жұмысын тексеріп, қазақстандықтар жатқан қонақүйлерде болды.

Қазақстан қажылық миссиясының жұмыс тобы қонақ үйлерде көрсетілетін қызмет түрлерін бақылауға алды. Олар қазақстандықтар тоқтаған қонақүйлерде рәміздер мен қажыларға бағыт-бағдар беруші анықтамалықтардың болуын талап етті.

Сонымен қатар отандық компаниялар ұсынған бағдарлама, намаз кестесі, тамақтанатын уақыттардың көрсетілуі, асхана мәзірі, апталық бағдарлама түзілуі, тағам сапасы мен қажылар орналасқан бөлмелердің бағаға сай болуы да назардан тыс қалған жоқ.

Миссия ұжымы қонақүйлердегі қажылардың жағдайы мен гигиеналық заттармен қамтылу барысын да назарға алды.

ҚМДБ өкілдері енді қажылық сапарын ұйымдастыратын әр туристік компанияда дәрігердің болуы мен сапалы қызмет көрсететін гидтің (жолсерік) саны да маңызды екенін атап өтті. Яғни гид мамандарының діни білімінің миссия көрсеткен талаптарға сай болуына, қажылыққа келген қазақстандықтарға берілетін заттар: қолсөмке, уағыз кітапшалары, киімнің біркелкілігі және ҚМДБ бекіткен уағызшыларға да талап күшейеді.


Қажылықта жүрген ҚМДБ өкілдері тексеріс барысында әр туристік компанияның сервистік қызметін бақылап, 2020 жылы берілетін квота саны да сапаға байланысты болатынын жеткізді. Бұл алдымен туристік фирмалардың қажылар алдындағы жауапкершілігін арттыра түспек.

Тексеріс барысында арнайы құрылған жұмыс тобы қажылардың денсаулығы үнемі бақылауға алынуын қатаң тапсырды.