Қазақстан қажыларының алғашқы легі қажылыққа аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қажыларының алғашқы легі қажылыққа аттанады

Қазақстан қажыларының алғашқы легі қажылыққа аттанады

300 адам Алматы – Жидда бағыты бойынша тікелей рейспен ұлы сапарға аттанады.

  • 9 Тамыз 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы әуежайында қажылыққа аттанғандардың алғашқы легін шығарып салады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алғашқы 300 адам Алматы-Жидда бағыты бойынша тікелей рейспен ұлы сапарға аттанады.  

ҚМДБ баспасөз қызметінің ақпаратынша, отандастарымыз , Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларынан тікелей рейспен Жидда, Мәдина шаһарына ұшады. Әуе рейстерін Қазақстан тарапынан отандық "Scat", Сауд Арабия Корольдігінен "Flynas" әуекомпаниялары ұйымдастырады. Ұшу уақыты 5-6 сағат.  Корольдігінің Қажылық министрлігі бөлген 3000 квотаға визалар толық шықты.

Қажылардың бірыңғай киім үлгісі болады

ҚМДБ жанынан құрылған Қажылық миссиясы қажылық сапарын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жан-жақты пысықтады. Миссия жанынан дәрігерлер, уағызшылар, ақпарат тобы құрылып, әрбіріне тиісті міндеттер жүктелді.

Қазақстан қажылары ұлы сапарға аттанбас бұрын, менингитке қарсы екпе салдырды. Сауд Арабияда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ұсынылған дәрігерлер отандастарымыздың денсаулығын жіті қадағалайды. Ақхалаттылар ҚМДБ қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталығында қажыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Орталықта жедел жәрдем көлігі де болады. Барлық қажы отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.Биыл алғаш рет Қазақстан қажылары қажылыққа бірыңғай киіммен барады.

Ұлы сапар кезінде қажыларға гидтер жол көрсетіп, көмекші болады. Уағыз-насихат жұмыстарына білікті де білімді имамдар бекітілді.


Осы жылы қажылық сапарын аккредитациядан өткен 18 компания ұйымдастырып отыр. Олар: "Тауаф трэвел",  "Уақып", "Яссауи", "Сембекова и К", "Қызмет Саяхат", "Иман трэвел", "Ордабасы НЖ", "Нұр Қазақстан" қажылық компаниясы, "Хикмет трэвел" ЖШС, "Delta travel.kz", "Хидаят-нур", "Ансар Круиз, "Мина-Тур", "Аль-Маруа", "Sanabl", "Атлас Туризм", "Робинзон" және "Қазақ трэвел".

Сауд Арабиясы 2500 қазақстандыққа қажылыққа баруға жолдама ұсынды

18 компанияның жұмысы  миссиясының бақылауында. Аталған компаниялар ҚМДБ мен Қажылық министрлігінің талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті шаралар қолға алынады.

 

Соңғы жаңалықтар