Қазақстан қажылыққа байланысты шекарадағы санитарлық бақылауды күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қажылыққа байланысты шекарадағы санитарлық бақылауды күшейтті

Қазақстан Сауд Арабиясында мұсылманның бес парызщының бірі – қажылықтың басталуына байланысты шекарадағы санитарлық бақылауды күшейтті. Сырттан келген азаматтардың бәрі тексеруден өткізіледі. Бұл туралы сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшысы Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
           Оның айтуынша, «мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінің бәрінде сырттан келген азаматтар тегістей байланыссыз термометриядан өткізіледі».
           «Біз бұл шараларды қажылық басталғалы бері ғана емес, Қытайда коронавирус пен құс тұмауы тіркелген сәттен бастап қолға алдық. Бұл шаралардың бәрі өткен жылдан бері жүргізіліп келеді», - деп түсіндірді ол.
           А.Есмағамбетованың айтуынша, елімізге өткен жылдан бері Таяу Шығыстан 40 мыңға жуық адам келген. «Олардың бәрі термометриядан өтті, арасында сырқат жұқтырғандар болған жоқ. Қытаймен арада әуе рейстері өте көп, есесіне, келетіндер де аз емес. Ол жақтан келген 100 мыңға жуық адам тексерілді, олардан да індет табылған жоқ», дейді ол.

  • 2 Қазан 2013
  • 478
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Сауд Арабиясында мұсылманның бес парызщының бірі – қажылықтың басталуына байланысты шекарадағы санитарлық бақылауды күшейтті. Сырттан келген азаматтардың бәрі тексеруден өткізіледі. Бұл туралы сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшысы Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

           Оның айтуынша, «мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінің бәрінде сырттан келген азаматтар тегістей байланыссыз термометриядан өткізіледі».
           «Біз бұл шараларды қажылық басталғалы бері ғана емес, Қытайда коронавирус пен құс тұмауы тіркелген сәттен бастап қолға алдық. Бұл шаралардың бәрі өткен жылдан бері жүргізіліп келеді», — деп түсіндірді ол.