Қазақстан қазір Оңтүстік Осетиядағы жағдайды айрықша жіті қадағалап отыр - Ашықбаев (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қазір Оңтүстік Осетиядағы жағдайды айрықша жіті қадағалап отыр - Ашықбаев (толық нұсқасы)

Қазақстан қазір Оңтүстік Осетиядағы жағдайды айрықша жіті қадағалап отыр - Ашықбаев (толық нұсқасы)

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қазір Оңтүстік Осетиядағы жағдайды айрықша жіті қадағалап отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 11 Тамыз 2008
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Шиеленістің салдарынан көптеген адамның құрбан болуы біздің үлкен өкінішімізді тудырады», — деді Е. Ашықбаев.

Ал даулы аймақтағы Қазақстан азаматтараныа келсек, «Грузиядағы Қазақстан елшілігі еліміздің сондағы барлық азаматтарымен дерлік тікелей байланыс орнатқан. Ондай 100 жуық адам бар. Олар — Қазақстандық дипломаттар, Грузияда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ, туристік және басқа да мақсаттармен сонда жүрген адамдар. Дәл қазір оларды көшіру жоспарланған жоқ, алайда, қажет болған жағдайда лайықты шаралар қолданылады»,- деді Е.Ашықбаев.

«Қазір мәлімдеме жасалмайды, бірақ бұл осы мәселе бойынша Қазақстан жағының қандайбір ұстанымы жоқ дегенді білдірмейді. Біз бұл шиеленістің саяси жолмен реттелуін жақтаймыз», — деді ресми өкіл.

Е. Ашықбаевтың айтуынша, «соңғы мәліметке сәйкес, Тбилиси қаласындағы халықаралық әуежай жұмыс істеп тұр. Ал Грузиядан кетуге ниет білдірген Қазақстан азаматтары жермен де кете алады. Грузияның Армениямен және Әзербайжанмен арадағы шккарасы ашық», — деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар