Жарияланды: 460

Қазақстан қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қатысты өзінің белсенді саясатынан танбауға тиіс - мәжіліс депутаты

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қатысты өзінің белсенді саясатынан танбауға тиіс. Бүгін "Қазіргі заманғы қатерлер және Қазақстанның тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі" атты халықаралық конференцияда ҚР парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрбақ Рүстемов осындай пікір айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз өзіміздің шағын болса да біршама табысты бітімгершілік әлеуетімізді, Тәжікстан мен Иракта бейбітшілік орнату және шиеленістен кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында жинақтаған азды-көпті тәжірибемізді ескермеуімізге болмайды", -деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін