«Қытайдың мал дәрігерлік қызметі республиканың батыс бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысымен арадағы шекарадан 25 шақырым жерде құс тұмауының белгісі бар 1042 қаз табылған. 460 құс шығынға ұшырады»,- деді бас санитарлық дәрігер. А.Белоногтың айтуынша, Қытайдың мал дәрігерлік қызметтері індет ошағында 13 мың құстың көзін құртып, сол төңіректегі барлық құс фабрикаларындағы үй құстарына вакцина еккен.
Бүгінде ҚР денсауылық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарадағы өткелектерде құс шаруашылығы өнімдерін елге енгізуге шектеу қойды, деді А.Белоног. Сонымен бірге ҚХР-мен қарым-қатынасы бар халықаралық әуежайларда санитарлық-карантиндік бақылау енгізілді. Мәселен, Алматы және Астана халықаралық әуежайларында дене қызуы көтерілген адамдарды анықтау үшін тепловизорлар орнатылған. Сонымен бірге медициналық мекемелер, темір жол және әуе транспорты қызметкерлері құс тұмауын анықтау әдістеріне оқытылды.
Бүгін түстен кейін А.Белоног басқарған ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері ахуалды жергілікті жерде қадағалау үшін Қазақстан-Қытай шекарасына аттанбақшы.