Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

1 шілде күні Астанада Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.

  • 27 Маусым 2011
  • 420
Фото - Caravan.kz

Байқауды «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азиядағы Еуразия қорының бастамасымен «Қазақстанда қолөнер және көркемөнер кәсіпшілігін дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Our Нeritage» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Марапаттау рәсімі барысында «Шеврон» компаниясы бағдарламаның нәтижесі бойынша жасалған «Көне дәстүрлердің жаңа ғұмыры» атты суретті альбомның таныстырылымын өткізеді. Жобаны ҚР Мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО қолдады.

«Шебер» байқауы Қазақстанда қолөнер өнеркәсібін қолдау және дамыту мақсатында осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында малайзиялық модельер Эдрик Онганың этникалық үлгідегі киімдер топтамасы және «Серебро Востока» атты топтамасының көрсетілімі болады. Осы күні ҚР Тұңғыш Президентінің Мәдениет орталығында Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен келетін қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрме-жәрмеңке ашылады.

Соңғы жаңалықтар