Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

  • 1 Шiлде 2011
  • 1373
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда қолөнер кәсібін дамытуды ынталандыру, дарынды қолөнершілерді іздестіру және қолдау, сонымен қатар отандық қолөнер бұйымдарын шығарушылардың жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы қоғамға мол ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған байқауға ағымдағы жылы 92 өтініш түсіп, соның 21 ақтық сынға өткен болатын. Бүгін олардың арасынан жеңімпаздар анықталды. Сонымен «Асыл ұстаз» аталымында Жолаушы Тұрдықұлов, «Дарынды бастау» аталымында Тимур Ермұхамедов пен Қарлығаш Құсман, «Озат іскер» аталымында Құдайберген Құлмамбетов, «Жоғарғы сапа» аталымында Виктория Селиванова мен Елмира Шермұханбетова, «Жаңашылдық» аталымында Сейфолла Рыстан жеңімпаз деп танылды. Ал ағымдағы жылы ғана енгізілген «Төл тумалық» аталымында Қалмырза Тасов бас жүлдеге ие болды.

Марапаттау рәсімі барысында «Шеврон» компаниясы бағдарламаның нәтижесі бойынша жасалған «Көне дәстүрлердің жаңа ғұмыры» атты суретті альбомның таныстырылымы өткізілді.

Айта кетейік, Байқауды «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азиядағы Еуразия қорының бастамасымен «Қазақстанда қолөнер және көркемөнер кәсіпшілігін дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Our Нeritage» қоғамдық қоры ұйымдастырған жобаны ҚР Мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО қолдады.

Соңғы жаңалықтар