Жарияланды: 550

Қазақстан қор биржасы 31-желтоқсан мен 4-қаңтар аралығындағы жұмыс тәртібін белгіледі

Қазақстан қор биржасы ҚР Ұлттық банкінің хаты мен биржа мүшелерінің арасындағы сауалнама қорытындысының негізінде 2003-жылдың 31-желтоқсаны мен 2004-жылдың 4-қаңтары аралығындағы жұмыс тәртібін белгіледі,- делінген биржа хабарламасында.

Мәселен, биржа ақпаратына сәйкес 2003-жылдың 31-желтоқсанында шетел валюталары бойынша тек таңертеңгі негізгі сессия ашылып, онда АҚШ доллары бойынша сауда-саттық айырбас жүзеге асырылған күнгі есеп негізінде өткізіледі. Ал бағалы қағаздар рыногы мен автоматты репо рыногындағы 31-желтоқсандағы сауда-саттық қалыпты мерзімде ашылады, бірақ барлық сауда алаңдарындағы сауда-саттық Алматы уақытымен 17 сағатта жабылады. Сауда-саттықтарды дәлелдеу жүйесі 17 сағат 30 минутқа дейін жұмыс істейді. Ал басқа қаржылық құралдар бойынша сауда-саттық жұмыстары 31-желтоқсанда қалыпты режимге сәйкес жүргізіледі. 2004-жылдың 1-4-қаңтары аралығында Қазақстан қор биржасы жұмыс істемейді. Ал 5-қаңтардан бастап қазіргі регламентке сәйкес қалыпты жұмысқа кіріседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін