Қазақстан қор биржасы 31-желтоқсан мен 4-қаңтар аралығындағы жұмыс тәртібін белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қор биржасы 31-желтоқсан мен 4-қаңтар аралығындағы жұмыс тәртібін белгіледі

Қазақстан қор биржасы 31-желтоқсан мен 4-қаңтар аралығындағы жұмыс тәртібін белгіледі

Қазақстан қор биржасы ҚР Ұлттық банкінің хаты мен биржа мүшелерінің арасындағы сауалнама қорытындысының негізінде 2003-жылдың 31-желтоқсаны мен 2004-жылдың 4-қаңтары аралығындағы жұмыс тәртібін белгіледі,- делінген биржа хабарламасында.

  • 30 Желтоқсан 2003
  • 535
Фото - Caravan.kz

Мәселен, биржа ақпаратына сәйкес 2003-жылдың 31-желтоқсанында шетел валюталары бойынша тек таңертеңгі негізгі сессия ашылып, онда АҚШ доллары бойынша сауда-саттық айырбас жүзеге асырылған күнгі есеп негізінде өткізіледі.

Ал бағалы қағаздар рыногы мен автоматты репо рыногындағы 31-желтоқсандағы сауда-саттық қалыпты мерзімде ашылады, бірақ барлық сауда алаңдарындағы сауда-саттық Алматы уақытымен 17 сағатта жабылады. Сауда-саттықтарды дәлелдеу жүйесі 17 сағат 30 минутқа дейін жұмыс істейді.
Ал басқа қаржылық құралдар бойынша сауда-саттық жұмыстары 31-желтоқсанда қалыпты режимге сәйкес жүргізіледі.
2004-жылдың 1-4-қаңтары аралығында Қазақстан қор биржасы жұмыс істемейді. Ал 5-қаңтардан бастап қазіргі регламентке сәйкес қалыпты жұмысқа кіріседі.

Соңғы жаңалықтар