Қазақстан қор биржасында доллар бойынша кешкі сауда-саттық жүргізілмейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қор биржасында доллар бойынша кешкі сауда-саттық жүргізілмейтін болды

Қазақстан қор биржасында доллар бойынша кешкі сауда-саттық жүргізілмейтін болды

Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының 2015 жылдың 10 қарашасындағы шешімімен Қазақстан қор биржасында

  • 10 Қараша 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz

2015 жылдың 10 қарашасынан бастап есептесуі TOM және SPOT шет елдік валюталарымен сауда-саттық жүргізу регламенті өзгерді, деп хабарлайды kase.kz.

Аталмыш құралдармен сауда-саттық Алматы уақытымен сағат 11.30-дан 15.30-ға дейін күндізгі сессия аясында жүргізіледі: есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM), есептесуі Т+1 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOM), есептесуі Т+1 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOM), есептесуі Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_SPT), есептесуі Т+2 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_SPT), есептесуі Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_SPT).


Тиісті өзгертулер KASE ішкі құжаты "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс Регламентіне" енгізіледі, ол туралы қосымша хабарланады.

Соңғы жаңалықтар