Бір акцияға бастапқы ұсынылған баға 15 мың теңгені құрайды.
ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 167260 қарапайым акциядан құралған мемлекеттік пакетті (15,5%) екі лотпен сатуға шешім қабылдады. Атап айтсақ, 107910 акция немесе пакеттің 10 проценті біртұтас лотпен сатылса, 59350 акция немесе 5,5 проценті бір акциядан сатылады.
«Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ жоғары сапалы титан құймасы мен тауарлық сипаттағы магний өндіреді.
Компанияның ірі акционерлерінің қатарында Бельгиялық Specialty Metals Company (65,77%) компаниясы, ҚР қаржы министрлігі (15,5%), «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» (7,28 %) бар.