Жарияланды: 690

Қазақстан қор биржасында Өскемен титан-магний комбинатының 15,5 проценттік мемлекеттік акциялар пакетінің 10 процентін сату шарасы басталды

Қазақстан қор биржасында Өскемен титан-магний комбинатының 15,5 проценттік мемлекеттік акциялар пакетінің 10 процентін сату шарасы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Бір акцияға бастапқы ұсынылған баға 15 мың теңгені құрайды. ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 167260 қарапайым акциядан құралған мемлекеттік пакетті (15,5%) екі лотпен сатуға шешім қабылдады. Атап айтсақ, 107910 акция немесе пакеттің 10 проценті біртұтас лотпен сатылса, 59350 акция немесе 5,5 проценті бір акциядан сатылады. "Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ жоғары сапалы титан құймасы мен тауарлық сипаттағы магний өндіреді. Компанияның ірі акционерлерінің қатарында Бельгиялық Specialty Metals Company (65,77%) компаниясы, ҚР қаржы министрлігі (15,5%), "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (7,28 %) бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін