Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 119,76 теңгені құрады
Алматы. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 20 қазан - дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда өзгеріссіз қалып, бір долларға шаққанда 119,76 теңгені құрады. |
Бүгін, дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 215,100 млн долларды құрады.
Ал жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 210,560 млн долларды құраған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін