Жарияланды: 290

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 119,94 теңгені құрады

Алматы. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - 4 қараша - сейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы дүйсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда өзгеріссіз қалып, бір долларға шаққанда 119,94 теңгені құрады.

Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 188,465 млн долларды құрады. Ал кеше АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 54,175 млн долларды құраған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін