АЛМАТЫ. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Сәрсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,12 теңгеге арзандап, бір долларға шаққанда 126,36 теңгені құрады.
Сәрсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 49,595 млн. долларды құрады.
Ал сейсенбіде АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 55,255 миллион долларды құраған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті