Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 143,81 теңгені құрады
29-желтоқсан - дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,15 теңгеге арзандап , бір долларға шаққанда 143,81 теңгені құрады. Жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 18,760 миллион долларды құрады. Ал бүгін, дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 16,570 млн. долларды құрады. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін