Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 145,11 теңгені құрады
18- желтоқсан -бейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы 13-желтоқсан, сенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,44 теңгеге қымбаттап , бір долларға шаққанда 145,11 теңгені құрады. |
Бейсенбіде АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 40,210 миллион долларды құрады. Ал сенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 1,450 млн. долларды құраған болатын.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздің қаржы рыноктары Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 14-17-желтоқсан аралығында жұмыс істеген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін