Жарияланды: 360

Қазақстан қор биржасында тұңғыш рет туынды құралдарды қарапайым акцияларға айырбастау бойынша мәміле жүзеге асырылды

Қазақстан қор биржасының тарихында тұңғыш рет 9 қаңтарда «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның «Halyk Finance» еншілес компаниясы туынды құралдарды қарапайым акцияларға айырбастау бойынша мәмілені жүзеге асырды. Онда туынды құралдарды «ҚазМұнайгаз» Барлау Өңдеу» АҚ-ның қарапайым акцияларына айырбастау туралы мәміле бекітілді.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда алаңы аясында инвестия жасау мүмкіндігінің тұрақты дамып және одан әрі кеңейтіліп отырғандығының дәлелі болып табылады. KASE-де мерзімдік келісімшарттар нарығының ашылуын қазақстандық эмитенттердің туынды құралдарына инвестиция салудың бірегей мүмкіндігі деп қарастыруға болады. Бұл инвесторларға қазіргі ұзақ айқындамаларды ұлттық валютада хеджирлеуге, сонымен қатар қысқа айқындамалар ашуға мүмкіндік береді. «Біз Қазақстан қор биржасымен ынтымақтастық қарым-қатынас құра алғанымызға қуаныштымыз. Енді биржалық белгіленімі (котировка) бар акцияға айырбасталатын фьючерстеріміздің тізімін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Біздің компания мұндай мәмілелік құралдарға инвесторлар қауымдастығы тарапынан қызығушылық туатындығына сенеді. Себебі ол фьючерстік сауда-саттық базалық негізгі активтермен жасалатын саудаға қарағанда едәуір тиімді», - дейді «Halyk Finance» АҚ-ның Басқарма төрағасы Еркебұлан Төлебергенов. Оның айтуынша, құрал бойынша айқындаманы «иықты» (бастапқы маржасы 10%-дан 20%-ға дейін) етіп ашуға және базалық актив бағасын күні бұрын белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар инвестор базалық активті сақтаумен байланысты жұмсалатын депозитарлық шығын көлемін айтарлықтай азайта алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін