Қазақстан қор биржасындағы индекс 11 қыркүйекте 2,8%-ға 1682,91 дейін төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қор биржасындағы индекс 11 қыркүйекте 2,8%-ға 1682,91 дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы индекс 11 қыркүйекте 2,8%-ға 1682,91 дейін төмендеді

Алматы. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы акциялар саудасының қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының индексі 2008 жылдың 11 қыркүйегінде 49,04 пунктке (2,8%) - 1731,95-тен 1682,91дейін төмендеді, деп хабарлайды агенттік.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

Биржа ақпаратына сәйкес, күннің бірінші саудасы индекс мәнін 1732,10 деңгейінде белгіледі. Сауда-саттық барысында индекстің ең жоғары мәні 1732,83, ең төменгі мәні — 1671,46 болды.

Индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша 11 қыркүйекте өткен күнмен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңге эквивалентімен 1,5 есе өсіп, төмендеп, 387 млн теңге ($3235,9 мың ) құрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 14 қарашасына есептелген түзету коэффициенті free float өзгерісіне байланысты «АТФБанк» АҚ акциялары бойынша 1,2409464 құрады.

Осы орайда еске салсақ, Қазақстан қор биржасындағы қандайбір күнгі индекс мәні ретінде Қазақстан қор биржасында сол күні тіркелген соңғы индекс мәні қабылданады.

Қазақстан қор биржасының индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акциялардың бағасының өзгерісін көрсетеді. Тізімге қамтуда акция эмитенттерінің капитал деңгейі мен еркін айналымдағы (free float) акциялардың үлесі ескеріледі. Бұл ретте бір атаулы акцияның бағамының индекс мәніне әсері 15%-дан аспайды.

Қазақстан қор биржасының индексі әрбір сауда-саттықтан кейін есептеледі. Қандайбір атаулы акциямен сауда-саттық жүргізілмеген жағдайда индекс есептелетін күні осы атаудағы акцияның соңғы нәтижелі сауда-саттығының бағасы пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар