Қазақстан қор рыногының қазіргі ахуалын бағалауға арналған баяндамасында ол Қазақстан «анау айтқандай ауқымды болмаса да, күрделі проблемалары бар» дамушы рынок екенін атап өтті.
Сарапшының пікірінше, эмитенттердің қаржы секторында шоғырлануы бағалы қағаздар рыногындағы тәуекелдерді арттыра түседі. «Эмитенттердің басым бөлігін банктердің құрауы жалпы бағалы қағаздар рыногының дәл осы саладағы ахуалға тікелей тәуелді екенінен хабар береді»,- деді ол.
С.Мудистің пікірінше, еліміздің банк секторында қолайсыз өзгерістер болған жағдайда инвесторлар қиын жағдайда қалмақ.