Қазақстан қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев Ресейлік әріптесімен келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев Ресейлік әріптесімен келіссөздер жүргізді

Қазақстан қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев Ресейлік әріптесімен келіссөздер жүргізді

8-маусым, жексенбіде Астанада ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев пен РФ қорғаныс министрі Сергей Иванов келіссөз жүргізіп, екі жақты бірқатар құжаттарға қол қойды ,- деп хабарлайды Елордадағы KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2003
  • 839
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, әскери күштерді ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына пайдалануды бірлесіп жоспарлау туралы екі жақты келісім жобасы бекітілді.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін журналистерге арнап өткізілген брифингте ҚР қорғаныс министрі М.Алтынбаевтың айтуынша, келіссөздерде сондай-ақ, әскери мамандарды оқыту, Каспий аймағы мен Байқоңырға, және әскери полигондарды пайдалануға қатысты мәселелер талқыланған.
Сонымен бірге, М.Алтынбаевтың айтуынша, Қазақстанға Ресей қару-жарағын осы елдің ішкі бағасымен сату туралы мемлекет басшылары деңгейінде келісімге қол жеткізіліпті. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі аясында ғана жүзеге асу мүмкіндігі бар бұл келісімнің мән-жайы қазір дәйектеліп жатқан көрінеді.
Ресей жағының мәліметтеріне қарағанда, қазіргі жағдаймен екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволары арасында 53 келісім жүзеге асырылуда, Ресейде Қазақстанның 1,5 мың әскери қызметкері оқу бітірген. Бүгінде Ресей Федерациясының 43 әскери жоғары оқу орнында елімізден 800 әскери қызметкер оқып жатыр.
Бүгін екі елдің қорғаныс министрлері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысына қатыспақ. Онда Ресей жағы көшпелі зенитті-зымырандық кешендер саудасына бақылау қоятын мемлекетаралық құрылым қалыптастыру туралы мәселе көтеруді жоспарлап отыр.
8-маусымда Астанадағы брифингте сөз сөйлеген РФ қорғаныс министрі Сергей Иванов осынау қауіпті қаруды шетелдерге шығаруды қадағалайтын механизм қалыптастырудың маңызын ерекше атады. Осындай механизмнің жоқтығынан қатерлі қарудың лаңкестер қолына түсіп, азаматтық нысандарды жоюға қолданылып отырғанына Сергей Иванов өкініш білдірді.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы бүгін, 9-маусымда Ақмола облысының Щучинск қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар