Сапар барысында министр әскерлердің жауынгерлік және ұтқырлық дайындығын, әскери тәріп пен құқық сақтау ахуалымен танысты. Бұл орайда келісім-шарт негізінде әскерилерді қызметке сапалы іріктеу, әскерилер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау мәселелеріне баса назар аударылды.
ҚР президенті, Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес министр аймақтық қолбасшылықтың басшылығына ҚР Қарулы күштерінің 2005-жылғы басты мақсаттарымен, соның ішінде әскери қызметтің беделін арттыру және еліміздің әскерін кәсіби әскерге айналдыру міндеттерімен таныстырды.
М.Алтынбаев мемлекет басшысының атынан Ирактағы әскери борышын үлгілі атқарып қайтқан бітімгершілерге мемлекеттік сыйлықтар табыс етті.