Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті
Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Осы оқиғаға байланысты еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметовпен және штаб бастықтары комитетінің басшылық құрамымен кездесуге Қазақстан президентінің кеңесшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов қорғаныс министрлігіне келді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Стратегиялық жоспардың тұсаукесерін қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев жасап, әскери мекеменің алдағы үш жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін таныстырды", -деп нақтылайды мекеме.
ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен әскери мекеме басшылығының кездесуі Кавказдағы грузин-осетин шиеленісінің барысы мен зардаптарына жасалған талдауды ескере отырып әскерлердің жауынгерлік дайындығын көтеру шараларын талқылаумен жалғасын тапты.
"Бұл тақырып бойынша қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Болат Жаңасаев баяндама жасады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін