Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қыркүйек 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

«Осы оқиғаға байланысты еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметовпен және штаб бастықтары комитетінің басшылық құрамымен кездесуге Қазақстан президентінің кеңесшісі — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов қорғаныс министрлігіне келді», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Стратегиялық жоспардың тұсаукесерін қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — ҚР Қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев жасап, әскери мекеменің алдағы үш жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін таныстырды», -деп нақтылайды мекеме.

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен әскери мекеме басшылығының кездесуі Кавказдағы грузин-осетин шиеленісінің барысы мен зардаптарына жасалған талдауды ескере отырып әскерлердің жауынгерлік дайындығын көтеру шараларын талқылаумен жалғасын тапты.

«Бұл тақырып бойынша қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Болат Жаңасаев баяндама жасады», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар