Қазақстан қоржынына Олимпиаданың алғашқы медалі түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қоржынына Олимпиаданың алғашқы медалі түсті

Қазақстан қоржынына Олимпиаданың алғашқы медалі түсті

Пхенчхан Олимпиадасында фристайлдың могул түрінен әйелдер арасында өткен жарыста қазақстандық спортшы Юлия Галышева қола медальға ие болды.

  • 12 Ақпан 2018
  • 1182
Фото - Caravan.kz

Юлия Галышева үшінші финалда 77.40 ұпай алып, үшінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Еске сала кетсек, отандық спортшы іріктеуде 76.36 ұпай алып, 7-орынмен финалға шыққан болатын. Бірінші және екінші финалдық сыннан да сүрінбей өткен ол соңғы супер финал нәтижесі бойынша қола медальға ие болды.

Могулда алтын медальға француз Перрин Лаффон, күміске канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант ие болды.


Айта кетсек, могулшы Юлия Галышева Қазақстан құрамасы сапынан Пхенчхан Олимпиадасындағы алғашқы жүлдені иеленіп отыр.