Қазақстан құқық қорғау жүйесін реформалау барысында Грузияның тәжірибесін қолдана алады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құқық қорғау жүйесін реформалау барысында Грузияның тәжірибесін қолдана алады

Қазақстан құқық қорғау жүйесін реформалау барысында Грузияның тәжірибесін қолдана алады

Қазақстан құқық қорғау жүйесін реформалау барысында Грузияның тәжірибесін қолдана алады.

  • 15 Шiлде 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бүгін бұл туралы Zakon.kz порталында өткен бейне-онлайн конференциясы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай деді.

Грузияда полиция қызметіне қатысты елеулі реформа жасалған болатын. Онда ІІМ-нің және жол полициясының штаттағы қызметкерлері едәуір қысқартылған.

К. Мәсімовтің айтуынша, Грузия басшылығы бұл істе үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Жемқорлық азайып, әкімшілік кедергілер қысқарған. Соның арқасында «Қап тауы елі» жемқорлық бойынша әлемдік рейтингтегі жағдайын біршама оңалтып алды.

«Біз ұлттық ерекшелігімізге қарай бұны жіті зерттеп, өзіміздің тәжірибемізге енгізе аламыз. Мемлекет басшысы менің төрағалығыммен арнайы комиссия құрды. Ол кейбір қағидаттарды қазақстандық жүйеге енгізу және талдау бойынша жұмыс жасауда. Олардың тәжірибесінде қолдануға келетін кейбір пайдалы үрдістер бар», — деді Үкімет басшысы.

Оның атап өткеніндей, тиісті қорытындылар шығарылысымен, ұсыныстар Президентке жолданатын болады.

Соңғы жаңалықтар