— Топтан шығатын мүмкіндігіміз әлі де бар. Соңғы ойынды сәтсіз өткіздік. Қазір бәрі түзелді деп ойлаймын. Қазақстан құрамасының агрессиялық футбол ойнайтынын білемін. Бұны Польшаға қарсы матчта байқадық. Бірақ біз қарсыламызды мұқият зерттеп, үш ұпай алуға ниеттіміз, — деді Йоргенсен.
Естеріңізге сала кетсек, ӘЧ-2018 іріктеу кезеңіндегі Дания — Қазақстан кездесуі 11-ші қараша күні, Копенгагенде өтеді.