Қазақстан құрамасы алғаш рет Италияда ойнайды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы алғаш рет Италияда ойнайды

Қазақстан құрамасы алғаш рет Италияда ойнайды

Өткен жолы Қазақстан Дания құрамасын ұтқан еді.

  • 7 Сәуiр 2023
  • 61
Фото - Caravan.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясындағы келесі ойынын Италияның Парма қаласында өткізеді, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Yotube арнасындағы "ДНК футбола" бағдарламасында ұлттық команда капитаны Асхат Тағыберген айтып берді:

"Сан-Мариноға қарсы Пармада ойнаймыз. Олар стадионды жауып тастады".


Матч 16 маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы бұған дейін ешқашан Италияда ойнап көрмеген екен.

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Еуро-2020 жарысына іріктеу аясында Сан-Мариномен сырт алаңда ойнап, 3:1 есебімен ұтқан болатын.