Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында 1/8 финалында Қазақстан мен Италия арасындағы матчтың соңғы, шешуші бәсекесінде Александр Недовесов Фабио Фоньинимен кездесті.

  • 8 Наурыз 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін есеп 2:2 болып тұрған еді. А.Недовесов әлемдік рейтингте 130-ыншы орында тұрса, Италияның бірінші ракеткасы Ф.Фоньинидің 22-інші сатыда келе жатқаны белгілі. Соған қарамастан, кездесу аса тартысты өтті. Бірінші партияда А.Недовесов 7:6 есебімен тай-брейкте жеңіске жетсе, одан кейінгі екі сетте (3:6, 4:6) итальяндық теннисшіге есе жіберді. Төртінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті. Бесінші, шешуші партияда Александр бірден ойын тізгінін қолына алып, есепті 4:1-ге жеткізді. Алайда содан кейін екі брейк пен қос геймді сәтті пайдаланған Ф.Фоньини 5:4 есебімен алға шықты. Бірақ бұдан кейін А.Недовесов қайратына мініп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Ойын 3 сағат 45 минутқа созылды.

Сөйтіп Қазақстан құрамасы Италияны 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Онда қазақстандықтар Чехия немесе Австралия құрамасының бірімен шеберлік байқасады.