Қазақстан құрамасы Қытайдағы жазғы универсиадада 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы Қытайдағы жазғы универсиадада 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Қытайдағы жазғы универсиадада 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Қытайдағы XXVI Дүниежүзілік жазғы универсиадада 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды жарыстың ресми сайты.

  • 24 Тамыз 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан: 3 күміс, 3 қола медаль», — деп жазылыпты универсиаданың қорытынды медаль есебінде.

Қазақстандықтар 45-ші орын алды.

Ауыр атлетикада 75 кг –нан аса салмақ дәрежесінде Александра Аборнева күміске қол жеткізді. Оқ атуда (дубль-трап) Мария Дмитриенкокүміс алқа алды. Мылтықтан оқ атуда (жатып, 50 м) қола Александр Ермаковқабұйырды.Кедергімен 110 метрге жүгіруде 13,16 с нәтиже көрсеткен Наталья Ивонинскаякүміс алды. Қатарынан үш рет секіруде қазақстандық Евгений Эктов (16,83 м)қоланы қанжығасына байлады. 400 метрге жүгіруде жеңіл атлетші Ольга Терешкова қашықтықты 52,36бағындырып, қола жүлдегер атанды.

Бірінші командалық орын универсиаданы өткізуші қытайлықтарда кетті, олардың қоржынына 75 алтын, 39 күміс, 31 қола алқа жиналды. 2-ші орында ресейліктер (42-45-45), Корея Республикасы (28-21-30) — үшінші.

XXVI Дүниежүзілік жазғы универсиада Шэньчжэнь (Қытай) қаласында тамыздың 12-23 аралығында өтті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера