Словакия құрамасының экс-бас бапкері Павел Гапал Ұлттар Лигасында өз командасының Қазақстан ойыншыларына не себепті екі рет ұтылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстанмен өткен ойындардан кейін көпшілік масқараға балап жатты. Бір жағынан қазақ командасы сапалы ойын көрсетті. Әрине, алғашында оларға қарсы екі матчта ұтыламыз дегенге ешкім сенбеді. Алайда Қазақстандағы ойынды көрсеңіз, трибунада ине шаншар орын болмады. Қазақтар мықты ойнады. Енді Қазақстан құрамасына топтан шығу үшін небәрі бір кездесуде жеңіске жету қажет. Біздің төмен нәтижемізді трагедияға баламаймын. Дегенімен, Словакиға толықтай команданы қайта жасақтау қажет секілді", — дейді Гапал idnes.cz сайтына берген сұхбатында.