Одан кейін бұл есепті қосымша уақытта ешкім өзгерте алмағандықтан, ойын тағдыры 12 метрлік айып добын соғу арқылы шешілді. Онда 6:5 есебімен қонақтардың мерейі үстем болды.
Алексей Никишев жаттықтыратын ұлттық құрама топтық сында Швеция мен Ресейден кейін 3-орынға табан тіреген болатын. Олар шведтерге 1:9, орыстарға 6:8 боп жеңілгенімен, американдықтарды 13:3, норвектерді 10:1, финдерді 10:4 етіп жеңді. Енді ертең қола жүлде үшін финдермен қайта кездесетін болды. Финдер жартылай сында орыстарға 4:6 есебімен ұтылған еді.