Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан ұлттық құрамасы Жазғы Азия ойындарына отандық өндірушілер дайындаған жаңа киім үлгісімен аттанады. Спортшылардың жаңа образын жасауда көшпенділер тақырыбы басты назарға алынды. Коллекцияның негізгі нысаны – техно-стильде орындалған сұңқар құс. Қазақстан тарихында жыртқыш құстармен аң аулау үлкен маңызға ие екені белгілі. Аңды көп қағатын құстар еркіндіктің, биікке ұмтылудың символы болып есептеледі. Негізгі детальдардың бірі ретінде барлық өнімдерден көрінетін «KZ» әріптерін айтуға болады.
Спорттық экипировка жаттығуға және шеруге арналған костюмдерден, поло, шолақ шалбар, жеңіл жейде және өзге де қажетті элементтерден құралған. Барлығы 16 бағыт бар. Форманың дизайны мен дайындалуы қазақстандық өндірушілерге тапсырылды. Формадағы киімдердің барлығы Азия ойындарын қабылдаушы мемлекет – Индонезияның климаттық ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындалды.
Экипировкадағы киімдердің басым бөлігі трикотажды кенеп матадан тігілген. Бұл спортшылардың киім кигенде өзін ыңғайлы сезінуіне көмектеседі.
Форма негізінен қою көк және ақ түстерден құралады, ал басты шешімдер – минимализм мен таға бағыт. Киімді өлшеп көрген спортшылар форманың ыңғайлы әрі әдемі екенін алға тартты.
Форманы алғашқылардың бірі болып суда жүзуші Дмитрий Баландин, синхронды жүзуші Кристина Тыныбаева мен ашылу салтанатында Қазақстан байрағын көтеріп шығатын боксшы Әбілхан Аманқұл киіп көрді.