Жарияланды: 440

Қазақстан Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-1 құрылысына қатысу ұсынысын қарастырып жатыр

Қазақстан Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-1 құрылысына қатысу ұсынысын қарастырып жатыр

Қазақстан Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-1-дің құрылысына қатысу ұсынысын қарастырып жатыр.

Бұл туралы «КурсивЪ» интернет басылымына берген сұхбатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті. Оның айтуынша, Қазақстан осы жобаға қатысуы мүмкін. Алайда, оның ауқымдылығын ескере отырып, Қамбарата ГЭС-1 жобасына халықаралық, тәуелсіз сараптама жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар жалпы тәжірибеге сәйкес, техникалық бағалауларды, техногендік апаттардың қауіптілігін ескере отырып жүргізілуі қажет. Б. Жақсалиевтің сөзіне қарағанда, трансшекаралық өзендердегі осындай жобалар барлық мүдделі елдердің қызығушылықтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін