Қазақстан Қырғызстанға 100 млн. доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстанға 100 млн. доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуі мүмкін

Қазақстан Қырғызстанға 100 млн. доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуі мүмкін

АСТАНА. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан Қырғызстанға 100 млн. доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуі мүмкін. Бұл мәселе бүгін Астанада республика үкімет басшысы Даниал Ахметов пен Қырғызстанның бірінші вице-премьерінің міндетін атқарушы Данияр Үсеновтың кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Желтоқсан 2006
  • 316
Фото - Caravan.kz

Алайда, кездесуде Д.Ахметовтың атап көрсеткеніндей, ол үшін тараптар халықаралық талаптарға сәйкес шарттарды орындауы керек.

Қазақстан Қырғызстанға салынған инвестициясының көлемі жағынан бірінші орында. Еліміз үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2006-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында инвестиция көлемі 56,2 млн. долларды құрады. Ал ТМД елдерінің жалпы инвестициясының ауқымы 63,1 млн. долларға тең болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта