«Қырғыз экономикасының ЕАЭО жағдайына бейімделуі үшін қаржылай көмек көрсету шешімі қабылданды. Құжаттар ратификациялауға берілді», — деп хабарлады Бішкекте ЖЕЭК кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президенті Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан көрші елге көмек көрсетуге үнемі әзір екенін атап өтті және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерді бір-бірін қолдауға шақырды.
«Қазіргі экономиканың ауыр кезеңінде бір-бірімізге өзара көмек көрсетуіміз қажет. Сонымен, біздің еліміз жағынан көрші Қырғызстанға көмектесу үшін нақты шаралар қабылданды: Қазақстан арқылы транзитпен қырғыз жүктерін тасымалдау кезінде ішкі темір жол тарифтері ұсынылды. Бұл біздің әріптестерімізге 60 миллион доллар үнемдеуге мүмкіндік берді», — деп қосты Н. Назарбаев.
Еске салсақ, Бішкекте «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғызстанның төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтуде. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей, сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет болған Молдова президенттері келді.